Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Танымдық сабақ
11
март
2024
Танымдық сабақ
Мектебіміздің 4А сыныбы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін танымдық сабақ түрінде атап өтті. Сабақ мазмұны теориялық-практикалық құндылықтарға толы болды! Оқушыларымыз аналарға жыр-шумақтарын арнады, ән айтып өз өнерлерін ортаға сала отыра, мақал-мәтел, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға аналарымен бірге жауап берді. Мақсаты: халқымыздың салт-дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу, сөздік қорын молайтып, ой-өрісін дамыту. Сынып жетекшісі: Кулшат
«Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық»  атты мерекелік іс-шара
07
март
2024
«Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық» атты мерекелік іс-шара
Өзін-өзі басқару ұйымының (Мектеп Парламенті) ұйымдастыруымен 8 Наурыз - Халықаралық Әйелдер мерекесіне арналған «Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық» атты мерекелік іс-шара өткізілді! Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
“Көктем аруы - 2024” байқауы
06
март
2024
“Көктем аруы - 2024” байқауы
3Б сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған “Көктем аруы - 2024” байқауы! Мақсаты: Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Самал Бірлікқызы