Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" атты психологиялық қолдау
14
март
2024
"Жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" атты психологиялық қолдау
Мектеп психологы Н.Жұршыман мектеп қыз балаларына "Жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында психологиялық қолдау тренингін өткізді. Мұндай тренингтер оқушылардың өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын түсіну және осындай жағдайларға қарсы тұру қабілетін дамытуға бағытталған. Тренингтің құрылымын, мақсатын және өткізілу барысын нақтылайық: Мақсаты: - Қыз балаларға жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ақпарат беру. - Оларға жыныстық қол сұғылмаушылықтың белгілерін тануға
Оқушылардың  әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары бойынша комиссия мүшесі
14
март
2024
Оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары бойынша комиссия мүшесі
Алматы қаласы Түрксіб аудандық білім бөлімінде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және сәтсіз отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың тәрбиесі мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерттеп зерделейтін комиссия құрамы құрылып, №162 мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогы Тажмахан Айдана Бахитқызы комиссия құрамында белсенділік танытып, әрбір баланың әлеуметтік-педагогикалық жағдайына назар аударып, қажетті көмек көрсету үшін мамандармен бірлесе жұмыс атқарды.
Көрісу күні
14
март
2024
Көрісу күні
14 наурыз - Көрісу күні! Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. 
НАУРЫЗНАМА
13
март
2024
НАУРЫЗНАМА
Биылдан бастап Наурыз мейрамын он күн бойы тойлайтын болдық! Бұл онкүндік “Наурызнама” деп аталады.  Онкүндіктің әрбір күні қазақ мәдениеті мен қоғамының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі-бір тақырып пен құндылыққа арналады. Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған. Онкүндіктің әр күніне арналған шаралар легін біздің парақшадан көре аласыздар!
"Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бейнеролик
12
март
2024
"Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бейнеролик
Мектебіміздің оқушыларына "Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бірыңғай бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.