Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Байқау жеңімпаздары!
22
сентябрь
2023
Байқау жеңімпаздары!
Мектебіміздің оқушылары "Жеті жұрттың тілін біл", "Алматы - әсем қала" атты байқауларға белсене қатысып, ерекше шығармашылық қабілеттерімен көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болды! Оқушыларымыздың болашағы жарқын, жүлделері мен жетістіктері көп болғай!
Мың бояулы Алматы
21
сентябрь
2023
Мың бояулы Алматы
Қала күні мерекесіне орай "Мың бояулы Алматы" атты тәрбие сағаты өтті! 🎯 Мақсаты: Алматы қаласының кешегісі мен бүгіні, мың жасаған шахардың тарихына үңіле отырып, жарқын болашағы мен даму бағыттарын талдап, таразылауға бейімдеу; Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің азаматы ретінде қаланың дамып, өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту, өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса
Дәріс-концерт
20
сентябрь
2023
Дәріс-концерт
  Оқушыларымыз Алматы қаласының Инновациялық шығармашылық орталығында белгілі қазақ композиторы, пианиношы, өнертану магистрі, халықаралық конкурстардың лауреаты Рахат-Би Әбдісагиннің "Кванттық механика және авангардтық музыка" атты дәріс-концертіне барып, тамашалап келді! Дәріс-концерт өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Музыкасы мен нотасының тазалығына, жоғары деңгейде орындалуына тәнті болдық. Қазақтың музыка өнерін дамытып, еліміздің даңқын одан әрі асқақтатып жүрген жас талантқа бас идік!