11
декабрь
2025
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет!
Алматы қаласының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету-ортақ міндет!" тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 30 ата-ана қатысты. Жиналыстың мақсаты: ата-аналардың бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жауапкершілігін арттыру, мектеп пен ата-ана арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту, балаларды интернет кеңістігінде, қоғамда, жолда, үй жағдайында қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу жолдарын түсіндіру. Сонымен қатар, жиналыс барысында балалардың құқықтары мен міндеттері, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет, ата-ананың тәрбиелік рөлі және отбасыдағы қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қарастырылды.