Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектепке жол" республикалық акциясының қорытындысы
27
сентябрь
2023
"Мектепке жол" республикалық акциясының қорытындысы
« Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ-да тамыздың  1 күнінен бастап «Бар мейірім-балаларға!» тақырыбымен  «Мектепке жол»  акциясы басталды.  «Мектепке жол»  акциясының бұйрығы шығарылып, жоспары жасалынды. Мектеп сайтына және әлеуметтік желілерге хабарландырулар жарияланды.  Акция қарсаңында 53 оқушыға "Жаппай оқуға тарту қорынан" қаржылай көмек көрсетілді. 35 оқушыға демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Барлығы 88 оқушы көмекпен қамтамасыз етілді. "Мектепке жол" акциясы
"Құқықтық мәдениет және оның маңызы" сынып сағаты
26
сентябрь
2023
"Құқықтық мәдениет және оның маңызы" сынып сағаты
     Тәуелсіз Қазақстанның дамуында азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше. Сол себептен мектебіміздің барлық сыныптарында сынып сағаттары өткізілді!      Жастар – еліміздің саралы жолын дамытудың болашағы. Қазіргі таңда жастар қоғамды дамытудың барлық саласында белсенділік танытуда. Соған қарамастан жастар арасында қылмыстың өсе түсуі, жағымсыз мінез-құлықтар мен әдеттердің көрініс алуы кездесіп отыр. Сандық мәліметтерге сүйенсек, көп жағдайда
Ата-аналар жиналысы
25
сентябрь
2023
Ата-аналар жиналысы
🗓Қыркүйектің 23і жұлдызы күні мектебімізде “Отбасылық құндылықтар мен оның бала үшін маңызы” атты ата-аналар жиналысы өтті! Жиналыс барысында: 📌2023-2024 оқу жылының басталуы; 📌Мектебіміздің алға қойған мақсаттары мен бағыттары; 📌Мектеп формасы; 📌Мектебіміздің ішкі мәдениеті мен ережесі; 📌Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау сынды өзгеде өзекті сауалдарға жауап алынып, жиналыс барысы қызықты тренингтермен ұласты🧩 Толығырақ біздің әлеуметтік желіде! 
Мың бояулы Алматы
21
сентябрь
2023
Мың бояулы Алматы
Қала күні мерекесіне орай "Мың бояулы Алматы" атты тәрбие сағаты өтті! 🎯 Мақсаты: Алматы қаласының кешегісі мен бүгіні, мың жасаған шахардың тарихына үңіле отырып, жарқын болашағы мен даму бағыттарын талдап, таразылауға бейімдеу; Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің азаматы ретінде қаланың дамып, өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту, өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса
Дәріс-концерт
20
сентябрь
2023
Дәріс-концерт
  Оқушыларымыз Алматы қаласының Инновациялық шығармашылық орталығында белгілі қазақ композиторы, пианиношы, өнертану магистрі, халықаралық конкурстардың лауреаты Рахат-Би Әбдісагиннің "Кванттық механика және авангардтық музыка" атты дәріс-концертіне барып, тамашалап келді! Дәріс-концерт өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Музыкасы мен нотасының тазалығына, жоғары деңгейде орындалуына тәнті болдық. Қазақтың музыка өнерін дамытып, еліміздің даңқын одан әрі асқақтатып жүрген жас талантқа бас идік!
Менің жетістігім - менің нәтижем!
19
сентябрь
2023
Менің жетістігім - менің нәтижем!
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ҚР Оқу-ағарту министірлігінің хаты негізінде, "Еңбек күнін" мерекелеу қарсаңында біздің мектепте "Менің жетістігім - менің нәтижем" тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілді! 🏆Жетістік - нәтиже, тұрақты даму. Жетістікке жеткісі келетін адам бір орында тұрмайды, үнемі ізденіс үстінде, өзін-өзі жетілдіруде болады! Оқушыларымыз білім, спорт, өнердегі толағай жетістіктерімен
«Төрт тоқсан – төрт өнер»
18
сентябрь
2023
«Төрт тоқсан – төрт өнер»
    «Төрт тоқсан – төрт өнер»  ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының 11.09-24.10.2023 аралығында өткізілетін «Ақындар айтысы» іс-шарасы өз жұмысын бастап кетті! Мектебіміздегі домбыраның құлағында ойнай алатын, мәнерлеп оқу, ақындыққа қызығатын, белсенді оқушыларды шақыра отырып, алғашқы күндеріміз іс-шара консепциясымен танысудан басталды!     Жобаның мақсаты:  қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзіреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне,
Отбасы күні
15
сентябрь
2023
Отбасы күні
«Отбасы күніне» орай «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды📚. 📍Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Біздің көрмеде баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсетер әдебиеттер қамтылды. Тағы 2 сөремізді қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті
“Туған тілім - бабам тілі - өз тілім” челленджі!
14
сентябрь
2023
“Туған тілім - бабам тілі - өз тілім” челленджі!
       💡Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлеуге саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу! Челлендж барысында 30-ға тарта бастауыш және жоғары сынып оқушылары ат салысты! Мақал-мәтел және мәнерлеп оқу өнері бойынша өз өнерлерін ортаға салды! Толығырақ біздің әлеуметтік желіден тамашалай аласыздар!
Сенім бұрышы
13
сентябрь
2023
Сенім бұрышы
2023-2024 оқу жылының басында мектепте оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін QR коды бар «Сенім бұрышы» барлық оқу кабинеттеріне орналастырылды. «Сенім бұрышы» туралы оқушылар мен мұғалімдерге егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы кодты сканерлеу арқылы оқушылар өздері тап болған қиын жағдай туралы құпия түрде хабардар ете алады. Шағым түскен бойда бірден әрекет жасалып, дау-жанжалдың алдын-алу шаралары қолданылады. «Сенім бұрышы» келесі мақсатпен құрылды: - білім