22
апрель
2026
«Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс: жеке тәсілдер мен қолдау» тақырыбында аудандық семинар
21.04.2026ж күні «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс: жеке тәсілдер мен қолдау» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: тәжірибе алмасу, жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісу және инклюзивті білім беруді жетілдіру жолдарын бірге талқылау. Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Орынбаева мектеп-гиназиядағы педагоггикалық-психологиялық қолдау орталығының жүргізіп жатқан жалпы жұмыстарымен таныстырды. Іс-тәжірибе бөлісуге пән мұғалімдері, арнайы педагог, педагог-логопед, психолог мамандары қатысты.
1. С.Бекболат «Ерекше білімді қажет ететін оқушыны оқыту және қолдау әдістері»;
2. А.Уәли «Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға химияны оқытуда визуалды-комикстік тәсілдердің рөлі»;
3. Е.Бақытов «Қызықты биология: ерекше білімді қажет ететін оқушымен жұмыс тәжірибесі»;
4. Ә.Абижанова, М.Жұматай «Инклюзивті білім беру жағдайында информатиканы оқытудың әдіс-тәсілдері»;
5. Е.Уәлихан «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға математика пәнін бейімдеу әдістері»;
6. А.Бекмухамбетова «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дамуына арнайы пежагог жұмысының тиімділігі»;
7. А.Аханбаева «Ш дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру әдіс-тәсілдерімен бөлісу»;
8.Т.Оразханова «Бәріміз-бірдейміз, бәріміз ерекше» оқушылармен тренинг жүргізді.
Қорытынды бөлімде психолог А.Маханбетияр келген қонақтармен психологиялық тренинг өткізіп, кері байланыс алды.
Семинар қатысушылар тарапынан өте жоғары деп бағаланды.
Ерекше балалармен жұмыс – үлкен жауапкершілік пен жүрек жылуын талап етеді. Ал мұндай кездесулер – кәсіби дамудың маңызды қадамы. Инклюзивті білім беру – баршаға ортақ міндет!