11
март
2025
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты экомарафоны
Мектеп оқушылары арасында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты экомарафон өткізілді. Өткізіліп отырған марафонның басты мақсаты- оқушылардың бойында қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, оқушылар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдауға ықпал ету. Экомарафон аясында «Алматы — біздің қала» атты сынып оқушылары арасында жоба жасалынды. 5 «ә» сынып оқушылары Тәңірберген Еркежан, Абдықалық Каусар «Болашақтағы Сүйінбай даңғылы» атты жоба жасады.Сонымен қатар «Менің демалыстағы үйім» атты жобаны Тайлақбай Дана мен Дінмұхаммедқызы Ару қорғады. Биология пәні мұғалімі Әмірғали Айдана 6 «а» сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді.Мақсаты: қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі; оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.
Табиғатын сүйемін туған елдің,
Асқар тауын сүйемін байтақ елдің.
Әр қазақтың жанына жақын тиер
Сүйіп өтем әр белін туған жердің!
Табиғатты аялау және қорғау қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.
Баршаңызды табиғатты тазартуға, көркейтуге шақырамыз!

Табиғатын сүйемін туған елдің,
Асқар тауын сүйемін байтақ елдің.
Әр қазақтың жанына жақын тиер
Сүйіп өтем әр белін туған жердің!
Табиғатты аялау және қорғау қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.
Баршаңызды табиғатты тазартуға, көркейтуге шақырамыз!
