27
январь
2025
«Әжелер сөзі - тәрбие көзі» атты танымдық сағаты
«Әжелер сөзі - тәрбие көзі» атты танымдық сағатының мақсаты – қазақ халқының бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жас ұрпаққа ұғындыру, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Қазақтың әже тәрбиесі – әрқашан елдің, ұлттың асыл мұраларын, моральдық құндылықтарын, адамгершілік қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын негізгі көздердің бірі болып келеді. Әжелердің үлгісі арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі қоғамда ерекше маңызға ие.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы да бұл тұрғыда үлкен рөл атқарады. Бағдарлама жас өрендерді жан-жақты, үйлесімді тәрбие мен біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Оның негізі – отбасының, мектептің және қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы баланың толыққанды дамуы.
Ұйымдастырған: бастауыш сынып мұғалімі Ысқақ С.Б.