Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01
май
2024
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі құтты болсын! Бүгінгі таңда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерге қашанда н әтижелі істердің үйір болатыны сөзсіз.
Мектептердегі бітіру кештерінде гель шарларын пайдалануға тыйым салу туралы
29
апрель
2024
Мектептердегі бітіру кештерінде гель шарларын пайдалануға тыйым салу
Мектептердегі бітіру кештерінде гель шарларын пайдалануға тыйым салу туралы ақпарттық бұрыш ұйымдастырылды. Қаламызда үнемі түрлі бұқаралық іс-шаралар өтеді, олар көбінесе әуе шарларын ұшырумен аяқталады. Гель шарлары алғашқы және соңғы қоңырауларда, бітіру кештерінде, спорттық жарыстарда, мәдени іс-шараларда, түрлі акциялар мен флешмобтарда және т.б. ұшырылады. Шарларды ұшыру әдемі алайда бұл шарлармен түбі не болатынын ойладық па? Шардың қызмет ету мерзімі ол жасалған материалға байланысты:
«Мектеп ауласының оазисі» байқауы
24
апрель
2024
«Мектеп ауласының оазисі» байқауы
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық тазалық науқаны аясында өткізілген «Мектеп ауласының оазисі» байқауында мектебіміз жүлделі І орын иегері атанды. Алматы қаласының әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпова мектебімізге тамаша сыйлықтарды тарту етті. Осы науқан кезінде белсене қатысып жатқан мектебіміздің оқушыларына, ұстаздарына, ата-аналарына алғысымыз шексіз.  «Мектеп ауласының оазисі» байқауының қорытындысы бойынша тарту етілген сыйлықтар оқушыларымызды қуанышқа бөледі. Мектебіміз көркейіп,
Мектеп ауласының оазисі
17
апрель
2024
Мектеп ауласының оазисі
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты қалалық науқанның кезекті іс-шарасы: "Мектеп ауласының оазисі". Мақсаты: мектеп жанындағы учаскенің аумағын абаттандыру және көгалдандыру, дизайнерлік шығармашылықты дамыту, білім беру объектілерін сәндік безендіруде заманауи бағыттарды көрсету, сондай-ақ окушылардың, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуын ынталандыру. Толығырақ біздің әлеуметтік желіде #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу
Қ. Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне бірқатар тапсырма берді
08
апрель
2024
Қ. Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ. Жалпы, өңірлердің
Алматы-біздің ортақ үйіміз
08
апрель
2024
Алматы-біздің ортақ үйіміз
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқанын бастады. Науқан 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында өтетін болады. Қаланың барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Мақсаты: қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау. Толығырақ...
«Синергия» Мәскеу қаржы-өндірістік университеті өкілдермен «Кадрлық резерв» бағдарламасы бойынша тақырыптық кездесу
05
апрель
2024
«Синергия» Мәскеу қаржы-өндірістік университеті өкілдермен «Кадрлық
05.04.2024 №76 жалпы білім беретін мектепте кәсіптік бағдар бойынша 11-сынып оқушыларымен «Synergy» Мәскеу қаржы-өндірістік университеті «Кадрлық резерв» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Түлектерге университет пен колледждің мамандықтары, оқу орындарына түсу ережелері туралы ақпарат берілді. Әңгімелесу барысында кітапшалар таратылып, оқу орны туралы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ өтіп жатқан іс-шаралармен таныстырып, студенттерді марапаттау жүйесі мен оқу сабақтарының
"Менің бауырым" жобасы бойынша өткен жиналыс
02
апрель
2024
"Менің бауырым" жобасы бойынша өткен жиналыс
Алматы қаласы Білім басқармасы "Өркен" КЕАҚ-мен бірлесіп балалардың құқықтарын қорғау және балалар саласындағы жобаларды тиімді басқару мақсатында «Менің бауырым» еріктілік жобасын жүзеге асыру жөнінде Zoom желісінде онлайн кездесуін өткізді.
Ата-аналар жиналысы
29
март
2024
Ата-аналар жиналысы
Бүгін мектебімізде  мектеп басшысының ата-аналарға есеп беру кездесуі  ұйымдастырылды . Мақсаты: Ата-аналарға мемлекет басшысының саясатын іске асыру барысында атқарылған жұмыстар мен білім алушылардың, ұстаздардың оқу-тәрбие үдерісінде жеткен жетістіктері бойынша ақпарат беру.
Жыл басы - 22 наурыз мерекесі
22
март
2024
Жыл басы - 22 наурыз мерекесі
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал мектебімізге толағай жетістер, өрлеу, шаттық, ынтымақ пен сәттілік алып келсін!