13
март
2026
15 наурыз – Қайырымдылық күні
Бұл күн – адамдарды мейірімділікке, жанашырлыққа және бір-біріне көмек көрсетуге үндейтін ерекше күн. Қайырымдылық – тек материалдық көмек емес, ол жылы сөз айту, қолдау көрсету, қамқорлық таныту сияқты ізгі істерден де басталады. Қайырымдылық күні қоғамда адамгершілік құндылықтарды насихаттап, мұқтаж жандарға көмектесудің маңызын еске салады. Әр адам кішкентай болса да жақсылық жасап, айналасына мейірім сыйлай алады.