13
декабрь
2024
"Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына 5 сынып оқушылары қабылданды.Бұл ұйым балалар мен жасөспірімдерге патриотизмді, ұлтжандылықты, азаматтық жауапкершілікті, достық пен ынтымақтастықты насихаттап, олардың жеке тұлғасын дамытуға көмектеседі. "Жас ұлан" ұйымы еліміздің болашағы үшін үлгілі азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған, оның мүшелері түрлі қоғамдық жұмыстарға қатысып, өз елінің дамуында маңызды рөл атқаруға дайын болады.



