02
декабрь
2024
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС/СПИД-ке қарсы күрес күні
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС/СПИД-ке қарсы күрес күніне орай мектебімізде ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға ЖИТС (Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) ауруының алдын алу, оның таралу жолдары және қоғамдағы әсері туралы ақпарат беру болды. Ақпараттық бұрышта СПИД-тің жұғу жолдары, белгілері, алдын алу шаралары мен денсаулыққа зиянды әсерлері туралы мәліметтер ұсынылды.

