22
май
2024
Оқулықтарды тапсыру
Мектебіміздің оқушылары 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай мектеп кітапханасына оқулықтарын өткізді. Бұл жұмысты атқаруға "Өзін-өзі басқару ұйымының" еріктілері белсене ат салысты. Оқулықтарды тасуға, бүлінген кітаптарды қайта қалпына келтіруге жәрдемдесті.


