«Вейптерден бас тартудың себептері» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында дебат өткізілді. Мақсаты: Электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиян әсерін ашу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
"Эстетика және арнайы мамандар" кафедрасы онкүндігі аясында жоспар бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімі Р.Исперова 3 сыныптар арасында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Қолғалмалы ойындар, доппен орындалатын ойындар.
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен мектеп және студенттік парламент көшбасшылары слетының аудандық кезеңі өтті. Слетқа қатысушы мектеп президенті Асан Рахымжан өз жобасын қорғап, "Үздік көшбасшы" атанды.
Балаларды дамыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға жеке кеңес беру күні өткізілді. Мақсаты: баланың жеке ерекшелігін, психикалық процестрін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
"Эстетика және арнайы мамандар" кафедрасы онкүндігі аясында жоспар бойынша педагог-психолог Н.Журшыман мектеп жас мамандары арасында "Жарқын болашақ иесі жас маман" семинар-тренингін өткізді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.
"Эстетика және арнайы мамандар" кафедрасы онкүндігі аясында педагог-психолог Н.Журшыман ерекше білім беретін оқушылармен коррекциялық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: Қызықты жаттығулар Сабақтың мақсаты: оқушының танымдық қабілеттерін арттыру.