Мектептердегі бітіру кештерінде гель шарларын пайдалануға тыйым салу туралы » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептердегі бітіру кештерінде гель шарларын пайдалануға тыйым салу туралы
29
апрель
2024

Мектептердегі бітіру кештерінде гель шарларын пайдалануға тыйым салу туралы

Мектептердегі бітіру кештерінде гель шарларын пайдалануға тыйым салу туралы ақпарттық бұрыш ұйымдастырылды. Қаламызда үнемі түрлі бұқаралық іс-шаралар өтеді, олар көбінесе әуе шарларын ұшырумен аяқталады. Гель шарлары алғашқы және соңғы қоңырауларда, бітіру кештерінде, спорттық жарыстарда, мәдени іс-шараларда, түрлі акциялар мен флешмобтарда және т.б. ұшырылады. Шарларды ұшыру әдемі алайда бұл шарлармен түбі не болатынын ойладық па? Шардың қызмет ету мерзімі ол жасалған материалға байланысты: резеңке немесе латекс. Шарлар атмосфераға 30 км-ден астам биіктікке көтеріліп, ондаған, тіпті жүздеген километрге ұшуы мүмкін! Кейінірек шарлар салқындап, жарылып, жерге және су қоймаларына түседі. Жарылған шарлар жануарлар үшін өте қауіпті. Аш құстар жарылған шарларды тамақ деп қателесіп, жұтып қоюы немесе балапандарына беруі мүмкін. Шарларды байлау үшін қолданылатын нейлон арқандарының ыдырау кезеңі жүз жылдан асады. Шарлар экологиямызды және қалалық ортаны ластайды. Оқушыларымыз үшін осындай тың ақпараттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: