Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында
02
ноябрь
2023

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда әрбір мектепке учаскелік полиция, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілді. Олар жат әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 300-ден астам неформалдық лидерлерді анықтады. Олар ішкі істер органдарының ерекше бақылауына алынды. Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аумақтық полиция департаменттерінің бастықтары мектеп оқушыларымен кездесулер өткізді. Жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы түсіндірілді.
«Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде өлімге әкеліп соғатын «жүгіріп өт немесе өл» атты ойынның пайда болғаны туралы ақпарат таралуда. Ойынның шарты бойынша көліктер ағынында жолды кесіп өту керек. Бұл жағдайда бала не көліктің астына түсуі мүмкін, не аман-есен жолды кесіп өтіп, жеңіске жетеді. Қазіргі демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне ата-ана дұрыс бағыт-бағдар беруі керек. Бұл ойынның қауіптілігін түсіндіру керек!



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: