22.05.2021ж «С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс педконсилиум түрінде өткізіліп, әрбір ата-ана барлық педагогтармен тікелей байланыста болып (онлайн) » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 22.05.2021ж «С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс педконсилиум түрінде өткізіліп, әрбір ата-ана барлық педагогтармен тікелей байланыста болып (онлайн)
22
май
2021

22.05.2021ж «С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс педконсилиум түрінде өткізіліп, әрбір ата-ана барлық педагогтармен тікелей байланыста болып (онлайн)

22.05.2021ж «С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ Жалпыреспубликалық   ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс педконсилиум түрінде өткізіліп, әрбір ата-ана барлық педагогтармен тікелей байланыста болып (онлайн), өзінің баласы туралы оқу үлгерімін,сабаққа қатысуын сондай-ақ жетістіктері туралы толық ақпарат алды. 

2020-2021 оқу жылының қортындысы және аяқталуы бойынша өткізілетін іс-шараларды (соңғы қоңырау,мектеп бітіру кеші) ұйымдастыру туралы таныстырылды.Жазғы мектепті ұйымдастыру, келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелері ескертілді. Сондай-ақ, педагогикалық консилиумге мектеп-гимназия директоры Сайдикеева Сәуле Ильясқызы басшылық жасап, ата-аналар мен мектеп оқушыларын оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтады, педагог-психолог - Маханбетияр А.,  әлеуметтік педагог-Тәжмахан А., қатысып ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жиналыста Түрксіб ауданының ЖП ЮПБ полиция капитаны Джембабаева М.Е. оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және кәмелетке толмаған балаларда құқықбұзушылық орын алған жағдайда, қандай әкімшілік-құқықбұзушылық жазаға тартылатындығы баса айтылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: