"Құқықтық мәдениет және оның маңызы" сынып сағаты » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сентябрь
2023

"Құқықтық мәдениет және оның маңызы" сынып сағаты

    Тәуелсіз Қазақстанның дамуында азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше. Сол себептен мектебіміздің барлық сыныптарында сынып сағаттары өткізілді!
     Жастар – еліміздің саралы жолын дамытудың болашағы. Қазіргі таңда жастар қоғамды дамытудың барлық саласында белсенділік танытуда. Соған қарамастан жастар арасында қылмыстың өсе түсуі, жағымсыз мінез-құлықтар мен әдеттердің көрініс алуы кездесіп отыр. Сандық мәліметтерге сүйенсек, көп жағдайда қылмыскерлер мен бұзақылардың жастық ерекшеліктеріне аса мән берілмейді. Бұл топтағы жастар отбасын құрып, мемлекетіміздің белсенді жасаушысы болмақ түгілі, өздерінің және өзгелердің өмірлеріне жауапсыз қарайтындығы анық. Батыс мәдениетіне еліктеушілік жастардың бойында жағымсыз қылықтардың дамуына алып келіп отыр.
     Бұл ағаттықтарды жою, алдын-алу үшін біздің тараптан құқықтық білімді, тәр­биені жетілдіруге арналған сынып сағаттарында толыққанды ақпараттар айтылды!  Педагог ғалым В.В. Берманның теориясы бойынша: «Құқықтық тәрбие ғылымда адамдардың санасы мен әрекетіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету бойынша шара қолдану жүйесі ретінде ұғындырылатын тәрбиелеудің ерекше түрі». Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ жас ұрпақтарын тәрбиелеуде «Ата Заң» нормативтерін жүйелі қолдану арқылы құқықтық тәрбие мәселесіне назар аудару, басты мақсатымыз.   


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: