Жазғы мектеп лагерьінің жұмыс бағыттары » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
июнь
2021

Жазғы мектеп лагерьінің жұмыс бағыттары

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

Жазғы мектеп лагерьіндегі ұйымдастырылып жатқан шаралар:

- спорттық-сауықтыру жұмыстары;
- оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, психокоррекциялық жұмыстар;
- оқушылардың жекелеген пән бойынша білімін тереңдету;
- тәрбие жұмыстары.

Жазғы мектеп лагерьінде өткізіліп жатқан шаралар оқушыларға:

- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;
- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруге;
- психологиялық жұмыстар негізінде танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуда.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: