Қалалық «Тоғыз тосқауыл» атты танымдық-интеллектуалдық ойынның аудандық кезеңі » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық «Тоғыз тосқауыл» атты танымдық-интеллектуалдық ойынның аудандық кезеңі
16
сентябрь
2022

Қалалық «Тоғыз тосқауыл» атты танымдық-интеллектуалдық ойынның аудандық кезеңі

       «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында,балалар жылы   аясында,А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы білім беретін мерекелерінің оқушылары  арасында өтетін қалалық «Тоғыз тосқауыл» атты танымдық-интеллектуалдық ойынның аудандық кезеңі    Сапар Байжанов атындағы 162 мектеп-гимназияда болып өтті.

     Ойынның мақсаты  жасөспірімдердің,қазақ ұлтының зиялыларын құрметтей отырып,халқының салт-дәстүріне,әдет-ғұрыптарына деген қызығушылығын және ана тіліне деген құрметін арттыру,оқушылардың білім-біліктілігін сараптау арқылы,шығармашылық қабілетін зерделеу арқылы дамыта отырып өзара достық қарым-қатынас қалыптастыру,патриоттық тәлім-тәрбие беру,өзге оқушыларға үлгі ету.Ойын шарты бойынша  8-10 сынып оқушыларынан жасақталған  162,59,76 мектеп   командалары  «Жаңғырық», «Жыр-дария», «Сөз асылы», «Өнеге», «Жәдігер», «Мақал-сөздің мәйегі», «Шамшырақ», «Мирас», «Сарын» атты 9 кезең бойынша сынға түсті.Оқушыларымыздың экранда көрсетілген қазақтың ардақты азаматтарының өмірі мен қызметі жайлы кеңінен баяндауы,батырлар жырынан оқылған үзінді оқиғасын әрі қарай жалғастыруы, тұрақты тіркестердің мағынасын  ашып, ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен көрініс сахналауы, қазақ мәдениетіне  үлкен орны бар тарихи-әдеби құнды көркем фильмдерден көрсетілген  үзіндіден   туындының аты мен авторы,кейіпкерлер мен актерлар жайлы толық мәлімет беруі-ойынның межесіне  ғана емес,мәресіне де жеткенін байқатты. Қорытындысында,

    162 мектеп-гимназиясынан  құрылған   «Бәйтерек» командасы -1 орын иеленіп,қалалық кезеңіне жолдама алды.59 мектеп-гимназиясының «Ахмет» тобы   -2-орын,76 ЖББМ-нің «Алашорда» тобы 3-орындарды бөлісті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: