Республикалық педагогтер съезі » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
октябрь
2023

Республикалық педагогтер съезі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республикалық педагогтер съезі басталды. "Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы "Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек" деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет",- деп Президент қатысушыларды Ұстаздар күнімен және съездің ашылуымен ресми құттықтады. Осы орайда мемлекет басшысы өзінің бастамасымен 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" жеке Заң қабылданғанын еске сала отырып, соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысының өскендігін, еңбек демалысының ұзартылғандығын мәлімдеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: