Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының үндеуінен » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының үндеуінен

Бүгін 16.03.2022 күні еліміздің президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына кезекті үндеуін жолдады. Үндеуде айтылған кезек күттірмес шешімін таппай жүрген сұрақтарға жауап айтылды.
Сонымен қатар президент үндеуінде: "Үкімет жанынан құрылған жедел штаб нақты уақыт режимінде ақпаратқа талдау жүргізетін, сондай-ақ нақты шұғыл шаралар әзірлейтін ахуалдық орталық ретінде бір мезгілде жұмыс істеуі тиіс. Жүйелі деңгейде елдің дамуын тежейтін шектен тыс төрешілдікті жою қажет".
"Шаруаларды жанар-жағармайдың қажетті көлемімен қолайлы бағамен қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын, тұқым және тыңайтқыш қорларын қайта тексеру қажет".
"Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және тәуелсіз болуға тиіс. Бұл принцип қазір кез-келген өркениетті ел үшін өте маңызды".
"Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін"
"Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ, сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын".
Үндеудің соңында Президент: "Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік"-деп сөзін аяқтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: