Материалы за Февраль 2024 года » Страница 5 » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мұқағали мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты мектепішілік сайыс
09
февраль
2024
«Мұқағали мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты мектепішілік сайыс
«Өзін-өзі басқару ұйымының» ұйымдастыруымен мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 5-11 сыныптар арасында «Мұқағали мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты мектепішілік сайыс өткізілді! Мақсаты:  Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты тақырыптық  сөре
09
февраль
2024
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты тақырыптық сөре
М.Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның кітаптарын таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Математика пәнінен ашық сабақ
08
февраль
2024
Математика пәнінен ашық сабақ
🧮”Менің Отаным - Қазақстан” атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің он күндігі бойынша математика пәнінен “Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту” тақырыбында ашық сабақ өткізілді! 📌Мақсаты: екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады, атақты тұлғалармен танысады, ұлттық құндылықтарды таниды. Пән мұғалімі: Самал Бірлікқызы                  Толығырақ біздің әлеуметтік желіден тамашалай аласыздар!
Әдістемелік кеңес
07
февраль
2024
Әдістемелік кеңес
🗓️"Менің Отаным - Қазақстан" атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің он күндігі бойынша “Жастар - ел тірегі” атты жас мамандарға арналған сайыс өткізілді.