ХАБАРЛАНДЫРУ! » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
август
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті ата-аналар! “Жаппай оқуға тарту қорынан” бөлінетін ақшаға оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды жинау уақыты басталғанын хабарлаймыз! 
Құжаттарды жинау тамыз айының 30 күніне дейін жалғасады!
Құжаттарды қабылдау "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

01 август 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!
13 август 2022 Хабарландыру!
12 август 2022 Хабарландыру!
01 август 2021 Хабарландыру
19 январь 2017 Хабарландыру!