Іс-шаралар » Страница 11 » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлы дала перзентімін" сынып сағаты
07
ноябрь
2023
"Ұлы дала перзентімін" сынып сағаты
Мектебімізде «Ұлы дала перзентімін» атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға өз елі туралы мағлұмат бере отырып, өз елінің тарихына үңіле отырып, тани білетін азамат етіп тәрбиелеу. Сөздік қорларын арттыра отырып, бірлесіп жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру. Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елім деген азамат тәрбиелеу.
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жобасы
06
ноябрь
2023
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жобасы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен өткен кеңестің шешімін орындау мақсатында білім беру ұйымымызда "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жобасының қызметі жүзеге асырылды. 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, естірте білу" атты сабақ өткізілді. Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
Салауатты өмір салты челленджі
03
ноябрь
2023
Салауатты өмір салты челленджі
"Денсаулықтың 6 шарты - таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу" тақырыбында күзгі демалыс уақытында ата-аналар мен оқушылар бірлесе салауатты өмір салты челленджін өткізді!
«Берекелі алтын күз 2023» сайысы!
27
октябрь
2023
«Берекелі алтын күз 2023» сайысы!
"5-6", "7-8", "9-10" сыныптар арасында ұйымдастырылған «Берекелі алтын күз 2023» сайысы! ⛳️Мақсаты: ✓Қатысушылардың арасынан «Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымын» анықтау; ✓Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру; ✓Табиғатты сүюге тәрбиелеу. 🚀Сайыс өте тартысты әрі қызыққа толы болды, сайыс соңында жеңімпаздар ынталандыру сыйлықтарымен, кітаптармен марапатталды!
«Берекелі алтын күз 2023» сайысы!
26
октябрь
2023
«Берекелі алтын күз 2023» сайысы!
Бастауыш бірлестігіндегі 1,2 және 3,4 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Берекелі алтын күз 2023» сайысы! ⛳️Мақсаты: ✓Қатысушылардың арасынан «Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымын» анықт ау; ✓Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру; ✓Табиғатты сүюге тәрбиелеу. 🚀Сайыс өте тартысты әрі қызыққа толы болды, с айыс соңында жеңімпаздар ынталандыру сыйлықтарымен, кітаптармен марапатталды!
25 қазан - Республика күні
25
октябрь
2023
25 қазан - Республика күні
25 қазан - Республика күні құтты болсын! Туымыз көкте желбіреп, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
"25 қазан – Республика күні" ұлттық мерекелік салтанатты жиын
24
октябрь
2023
"25 қазан – Республика күні" ұлттық мерекелік салтанатты жиын
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін, Көрсең ашық Ала таудың күндерін. Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген, Ұлан байтақ Республикам бұл менің. Оқу ордамызда 25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін ардақтап өтуге баулу. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту!
Әнұран орындау челленджі
23
октябрь
2023
Әнұран орындау челленджі
Алматы қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының Республика күнін мерекелеуге арналған жоспарының негізінде ағымдағы жылдың 23 қазанында сағат 12:00-де мектебімізде Қазақстан Республикасының Әнұраны салтанатты түрде жаппай орындалды!
"Менің Отаным - Қазақстан" сурет көрмесі
20
октябрь
2023
"Менің Отаным - Қазақстан" сурет көрмесі
25 қазан - Республика күніне орай мектебімізде сурет көрмесі өткізілді. Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Міндеттері: -оқушыларға «Республика күні» мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру, елін, жерін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу; -оқушылардың шығармашылық деңгейін арттыру, туған елінің тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту; -Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. ⚜️Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен
«Кәсіби біліктілік – сапалы білім негізі»
18
октябрь
2023
«Кәсіби біліктілік – сапалы білім негізі»
Кәсіби бағдар беру мамандары Базараев Ж.С. пен Каржаубаева А.А. ұйымдастыруымен 11а, 11ә сынып оқушыларына «Кәсіби біліктілік – сапалы білім негізі» тақырып аясында таңдау пәндері бойынша пікір алмасу өткізілді. Сонымен қатар мамандық таңдау тақырыбында сауалнама алынды.