«Сара жолдың Сапары» атты кездесу кеші » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
декабрь
2022

«Сара жолдың Сапары» атты кездесу кеші

30.11.2022 күні мектебімізге есімі берілген жазушы,журналист,қоғам қайраткері – Сапар Байжановтың туылған күніне орай «Сара жолдың Сапары» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде Сапар атаның сүйікті жары-Күләш Бейсенбіқызы қонақта болды.

Кеш барысында көрермендер Сапар Байжановтың өмірінен көрініс беретін «Бала шақтан-болашаққа» атты қойылымды тамашалады. Сондай-ақ, С.Байжановтың сүйіп орындайтын әндері орындалды.Сонымен қоса,Сапар атаға арнаған өлеңдерін оқыды.Бұған дейін Сапар атамызға арналған онкүндік атап өтілді.Онкүндікте оқушылар мектеп ғимараттарында орналасқан Сапар ата мұражайына саяхат жасады.Сынып сағаттары,көрме « Менің аяулы мектебім» тақырыбында сурет салудан байқа,волейбол жарысы атап өтілді.Онкүндіктің қорытындысы бойынша орын алған оқушылар кездесу кешінде арнайы «Мақтау қағаздарымен» марапатталды.Кеш соңында Сапар атаның жұбайы Күләш Бейсенбіқызы сөз алып,өз ризашылығын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: