Последние публикации на сайте » Страница 9 » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қайырымдылық күні
15
март
2024
Қайырымдылық күні
Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен татулықты  насихаттауға арналған. Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды.
Көрісу күні
14
март
2024
Көрісу күні
14 наурыз - Көрісу күні! Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. 
НАУРЫЗНАМА
13
март
2024
НАУРЫЗНАМА
Биылдан бастап Наурыз мейрамын он күн бойы тойлайтын болдық! Бұл онкүндік “Наурызнама” деп аталады.  Онкүндіктің әрбір күні қазақ мәдениеті мен қоғамының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі-бір тақырып пен құндылыққа арналады. Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған. Онкүндіктің әр күніне арналған шаралар легін біздің парақшадан көре аласыздар!
"Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бейнеролик
12
март
2024
"Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бейнеролик
Мектебіміздің оқушыларына "Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бірыңғай бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.