Материалы за Март 2024 года » Страница 3 » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
НАУРЫЗНАМА
13
март
2024
НАУРЫЗНАМА
Биылдан бастап Наурыз мейрамын он күн бойы тойлайтын болдық! Бұл онкүндік “Наурызнама” деп аталады.  Онкүндіктің әрбір күні қазақ мәдениеті мен қоғамының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі-бір тақырып пен құндылыққа арналады. Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған. Онкүндіктің әр күніне арналған шаралар легін біздің парақшадан көре аласыздар!
"Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бейнеролик
12
март
2024
"Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бейнеролик
Мектебіміздің оқушыларына "Жалпы қауіпсіздік ережесі" туралы бірыңғай бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. 
Танымдық сабақ
11
март
2024
Танымдық сабақ
Мектебіміздің 4А сыныбы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін танымдық сабақ түрінде атап өтті. Сабақ мазмұны теориялық-практикалық құндылықтарға толы болды! Оқушыларымыз аналарға жыр-шумақтарын арнады, ән айтып өз өнерлерін ортаға сала отыра, мақал-мәтел, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға аналарымен бірге жауап берді. Мақсаты: халқымыздың салт-дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу, сөздік қорын молайтып, ой-өрісін дамыту. Сынып жетекшісі: Кулшат