Аналар кеңесі » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2024

Аналар кеңесі

  Баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру мақсатында «Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі» тақырыбында ата-аналармен сабақ өткізілді.
  Сабақ кіріспесіндегі «Менің балам» сергіту жаттығуында ата-аналар өз баласын, оның мүдделерін немесе бірлескен қызметін 2 сөйлеммен сипаттап айтты. «Ұйқының баланың тұлғалық дамуына әсері» шағын лекция тыңдалды, ата-аналар тақырып бойынша пікірлерін білдірді.      Толыққанды ұйқының денсаулық үшін аса қажет екеніне көз жеткізіп, маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.
«Дұрыс ұйқы ережелері» тапсырмасын топпен бірлесе орындау арқылы дұрыс ұйқының нұсқаулығын жасады. Ұсынылған жағдаяттық тапсырмалар ата-аналарға баланың салауатты ұйықтауының пайдасын түсіндірді.
  «Ұйқы шақыратын және бұзатын жағдайлар» тапсырмасы баланың дұрыс және сапалы ұйықтауы туралы ата-аналардың білімін жандандыружәне кеңейту мақсатында жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: