Іс-шаралар » Страница 33 » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құрметті ұстаздар және оқушылар!
15
сентябрь
2021
Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Алматы қ. Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Жасампаздық пен даму жылдары" атты онлайн сабаққа С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясынан 9 сыныптар қатысты.
Тәрбие сағаты Әсем қала - Алматы!
14
сентябрь
2021
Тәрбие сағаты Әсем қала - Алматы!
Түрксіб ауданы, №162 мектеп-гимназиясының 1-11 сынып оқушыларына "Әсем қала-Алматы" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Алматы қаласы туралы жаңа мәліметтер беру; Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу; Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету; Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру;
Отбасы күніне арналған жарыс бойынша!
13
сентябрь
2021
Отбасы күніне арналған жарыс бойынша!
Қалмахан Ақерке 6 "А" сынып оқушысы. Отбасы күніне арналған жарыстан Елбасы жүлдесін ұтып алды.
2021ж 1қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады.
06
сентябрь
2021
2021ж 1қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан
2021ж 1қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады.2021 жылы 6 қыркүйекте N162 мектеп-гимназия ұстаздары "Халық бірлігі мен реформалар жүйесі-елдің өркендеуінің берік негізі" Жолдауына талқылау жиналысы өткізілді. #NurOtanТурксиб162
Жалпықазақстандық ашық диктант
03
сентябрь
2021
Жалпықазақстандық ашық диктант
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия Қазақстан Республикасы "Тәуелсіздік - басты құндылығымыз!" тақырыбында жалпыадамзаттық ашық диктант жазды. Диктантқа мектеп ұстаздары мен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Диктант жазудағы басты міндетіміз мемлекеттік тілді нығайту, сауатты жазу деңгейіне мүмкіндік беру, сауатты қоғам болудың маңыздылығын түсіну.
Білім күні аясында
02
сентябрь
2021
Білім күні аясында
Білім күні аясында Алматы қаласының әкімі Б.Ә.Сағынтаев және Алматы қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Ж.Л.Ауесханқызы қала мектептерін аралау барысында Түрксіб ауданы іргелі білім орны С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясына бет бұрды. Мектеп өмірінің бір күндік тынысымен танысып, білім беру ұйымының жаңа оқу жылына дайындық дәрежесіне жоғары баға берді.
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез...
01
сентябрь
2021
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез...
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата - аналар! Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
Конституция күнімен!
30
август
2021
Конституция күнімен!
Баршаңызды осы ұлық мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, гүлдене бенрсін! Сіздерге денсаулық, бейбітшілік, мейірімділік пен сәттілік тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Жалпыұлттық аза тұту күні
29
август
2021
Жалпыұлттық аза тұту күні
Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты ерлікпен қаза тапқан әскери қызметкерлер мен құтқарушылардың шынайы еңбектері мен қайсарлықтарына бас ие отырып, №162 мектеп-гимназия ұжымы және «Nur Otan» бастауыш партия ұйымының атынан туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Мектепке жол қайрымдылық акциясы
28
август
2021
Мектепке жол қайрымдылық акциясы
ҚР Білім және ғылым министрінің бастамасымен, облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен, мектепке жол қайрымдылық акциясы жұмыстары барысында 15 балаға демеушіліктен мектеп-құрал жабдықтары табысталды.