Экология және қоршаған орта байқауы » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2022

Экология және қоршаған орта байқауы

Алматы қаласының "Баум" тоғайының макетін жасау

Баум тоғайы – мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің бірі. ҚР Үкіметінің арнайы №1074 қаулысы бойынша 2006 жылдан республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне енгізілді. Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарайды, аумағы 130 га. Баум тоғайы қазіргі кезде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға сәйкес Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағының Ақсай бөлімшесінің қарамағына берілген. Тоғай 1868 ж. «Верный бағы» ретінде қолдан отырғызылған. Кейін Верный қаласының бас бағбаншысы Э.О.Баумның (1850 – 1921) тікелей басшылығымен бақ аумағы кеңейтіліп, көгалдандыру жұмыстары қайтадан жүргізілді. Сондықтан бағбанның құрметіне арнап баққа Баум есімі берілді.  Баум тоғайы мемлекеттік табиғи ескерткішін қалпына келтіру және сақтау туралы іс-шаралар жоспары нақтыланып бекітілген. Баум тоғайының Алматы қаласының ауасын тазартуда рөлі мен қала тұрғындарының демалыс орны ретіндегі маңызы зор.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: