Тәуелсіздікке тағзым » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2021

Тәуелсіздікке тағзым



Тәуелсіздікке тағзым

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.

Тәңірдің өзі тарту еткен еркіндік әрқайсымызға қымбат. Тәуелсіздік тойының әр азаматқа берері мол . Білім мекемелерінде тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерейтой ретінде ғана емес, ең алдымен тарихи мәні бар оқиға ретінде атап өту- берері мол тәлімді іс. Осы мақсаттағы іс-шаралар болашаққа деген ұстаным, көзқарасты айқындайтын маңызды белес. 

         Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?» деген сауалдар толғандырары анық.Осы тақырыпта Алматы қаласы Білім Басқармасы ұйымдастырған қалалық шығарма байқауы»ның аудандық кезеңі №162 мектеп-гимназиясында өтті.Шығарма байқауына аудандағы білім мекемелері асқан қызығушылықпен қатысып,толымды ой мен қарқынды шығармашылықпен жазылған бірнеше жазба жұмыстарын әділ-қазылар алқасына ұсынды.

    «Мен үшін тәуелсіздіктің 30 жылдығы несімен мәнді» шығарма байқауында I орынға лайық деп танылған №162 мектеп-гимназияның 8 «А» сынып оқушысы Қалым Гүлмираның : «Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз»-деген балаң тілегінен бұл мерекенің барша қазаққа қаншалықты құнды екенін ұғынғандай болдық. II орын иеленген   №49 мектептің 9 «ә» сынып оқушысы Амантай Бексұтан мен №59 мектеп-гимназияның Еркенгазина Айдананың,III орын жүлдегерлері №107 лицей шәкірті Құрышева Анель,№50 мектеп оқушысы Айдарханова Анеляның және №74 мектептің оқушысы Бесболатова Дарияның жұмыстары жан тебірентіп,үздік шығармалар талаптарына сай келетін жақсы жұмыс ретінде марапатқа ұсынылды.

Оқыту тілі орыс тілді мектептерден қатысқан оқушылар қорытындысы анықталып, I орынды  11 «ә» сынып оқушысы Тусипжанова Еркежан /пән мұғалімі Бүркітбайқызы Айшолпан/, II орынды 10-сынып оқушысы Сливкина Лилия /пән мұғалімі Руденко Г/, III  орынды 9-сынып оқушысы  Касабулатова Сабина /пән мұғалімі Федосова Л.В/ иеленді.




 
 


 
 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: