"Көне суреттер тарихы" » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
октябрь
2021

"Көне суреттер тарихы"

Отбасылық құндылықты қадірлеуге тәрбиелейтін «Көне суреттер тарихы» атты сынып сағаты 29.10.2021 9 «ә» сыныбында өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушылырдың өзін қоршаған ортадағы түрлі болмыстарға қызығушылығын ояту,жауапкершілік,бауырмалдық,адалдық қасиеттерін дамыту және «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы ұғымдарын кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.
Сынып оқушылары бір ай көлемінде үйіндегі альбомдарда сақталған көне суреттермен танысып,сол суреттердің тарихын білуі керек.Сол суреттің желісінде эссе жазды.Ең қызықты және мазмұнды эссе іріктеліп,сынып сағатында оқылды.Сынып оқушысы Оразов Ахмадтың әжесі келіп, «Абай жолы» романындағы Оразбай қажы туралы айтып,Оразбай қажының Абаймен түскен суреті туралы баяндады. Оқушылар фотоаппараттың шығу тарихымен және әлемге танымал болған суреттерді тауып,зерттеу жұмысын жүргізді.К.Ахметованың «Аркадийдің фотолары» атты өлеңі оқылып, «Фотогроф» әні шырқалды.







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: