Ақпарат » Страница 2 » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ДОСБОЛLIKE-2024: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫНЫҢЫЗ!» акциясы
17
январь
2024
«ДОСБОЛLIKE-2024: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫНЫҢЫЗ!» акциясы
🚩«ДОСБОЛLIKE» акциясы! 📢Акция ұраны: НАҒЫЗ ДОСЫҢНЫҢ БОЛҒАНЫН ҚАЛАСАҢ – ДОС БОЛ! Мақсаты: оқушылардың жағымды қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту. «ДОСБОЛLIKE-2024: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫНЫҢЫЗ!» акциясын өткізу туралы ақпараттық бұрышты мектеп фойесінде Мектеп Парламенті ұйымдастырды! #dosbolike
Кәсіптік бағдар беру
08
январь
2024
Кәсіптік бағдар беру
Түрксіб ауданына қарасты «Еңбек мобильділігі орталығы» мектебімізбен бірлесе отырып, жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
03
январь
2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға
Мемлекет басшысы “Егемен Қазақстан” газетіне сұхбат берді. Қасым-Жомарт Тоқаев: “Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек”. “…Біз әділ және бәсекелі экономика жүйесін құруға кірістік. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарымен мықтап айналыстық. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой
2022-2023 оқу жылындағы мектептің көрсеткіштері
29
декабрь
2023
2022-2023 оқу жылындағы мектептің көрсеткіштері
Мектебімізде  750 оқушы аяқтады. Оның үздіктері - 92, екпінді - 99 оқушы. «Алтын белгіге» үміткер оқушылар саны - 2, үздік аттестатқа үміткер оқушы -2. Қазіргі таңда 61 мұғалім жұмыс жасайды. Оның педагог-шебері - 7, педагог-зерттеуші - 17, педагог-сарапшы - 8, педагог-модератор - 12, жоғарғы санатты ұстаздар саны - 1.  Мектебімізде дарынды оқушылардың білімін шыңдау және қолдау мақсатында жыл көлемінде аудан, қала, республикалық байқауларға қатысып, жүлдеді орындарды иеленуде. Аудан бойынша
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
19
декабрь
2023
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша аудандық кезеңі мектебімізде өткізілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16
декабрь
2023
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 32 жыл толады. Біз ата-бабамыздың аңсаған арманы орындалып, қазақ елінің Тәуелсіз Мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көруге жазылған ұрпақпыз. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен құттықтаймыз!
Қашықтан оқыту
13
декабрь
2023
Қашықтан оқыту
«Қазгидромет» ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында қолайсыз ауа райы жағдайы күтілетінін хабарлайды (13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус). Осыған орай ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді.
Қытай Университеттерінің көрмесі
08
декабрь
2023
Қытай Университеттерінің көрмесі
Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби кітапханасында өткен "Қытай университеттерінің көрмесі - 2023" халықаралық білім көрмесіне барып, тың ақпараттар алып, тамашалап қайтты. Көрменің оқушыларымыз үшін берер мүмкіндіктері: Қытай университеттерімен жеке сұхбат жасай алады; Қытайға оқуға түсу туралы мәліметтер ала алады; академиялық бағдарламалары, қабылдау талаптары, қажетті құжаттар туралы ақпарат ала алады.
"Жас Ұлан", "Жас Қыран" балалар ұйымы
04
декабрь
2023
"Жас Ұлан", "Жас Қыран" балалар ұйымы
02.12.2023 ж Оқушылар сарайында өткен қалалық , Қалалық біріңғай "Жас Ұлан", "Жас Қыран" балалар ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау бойынша салтанатты жиыны өтті. Мектебімізден “Жас ұлан” ұйымына 5 "А" сынып оқушысы Пердебаева Хадиша, 5"Ә" сынып оқушысы Елтай Наз және “Жас қыран” ұйымына 2 "А" сынып оқушысы Мұрат Хангелді қабылданды.
Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы
04
декабрь
2023
Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы
Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының 9-11 сынып оқушыларымен мектепішілік кезеңі өткізілді.