Последние публикации на сайте » Страница 48 » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!” атты трениг
26
январь
2024
“Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!” атты трениг
🧩“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша еркін форматта “Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!” атты трениг өткізілді! 📌Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру; оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау. Спикерлер: Жамбыл Сұлтанбекұлы, Ақмарал Аманжолқызы
"Бүгінгі оқушы - ертеңгі Отан қорғаушы" атты әскери-патриоттық сайыс
25
январь
2024
"Бүгінгі оқушы - ертеңгі Отан қорғаушы" атты әскери-патриоттық сайыс
“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша АӘД пәнінен “"Бүгінгі оқушы - ертеңгі Отан қорғаушы” атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді! 📌Мақсаты: оқушыларды патриотизмге баулу, әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру, арасында достықты нығайту, оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру. Пән мұғалімі: Жамбыл Сұлтанбекұлы
Көркем еңбек пәнінен ашық сабақ
25
январь
2024
Көркем еңбек пәнінен ашық сабақ
“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша көркем еңбек пәнінен “Құрылымдық материалдар” тақырыбында ашық сабақ өткізілді! 📌Мақсаты: құрылымдық материалдар туралы ақпарат пен құрылысын түсіндіру; құрылымдық материалдарды анықтау, сипаттау және қолдану. Пән мұғалімі: Байраханов Нұрсұлтан
«ДОСБОЛLIKE» акциясы аясындағы спорттық эстафета
25
январь
2024
«ДОСБОЛLIKE» акциясы аясындағы спорттық эстафета
⛹🏻‍♂️«Дене шынықтыру» әдістемелік бірлестігімен ұйымдастырылған 6-7 сыныптар арасында «ДОСБОЛLAIK: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы аясында эстафета өткізілді. Оқушыларға мақтау қағаздары мен медальдар табысталды🥇! 📌Мақсаты: спорттық жарыстар арқылы оқушылардың бойындағы ұлттық сананы ояту. Түрлі қимыл-қозғалыс ойындар арқылы оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, физикалық қасиеттерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. #dosbolike  Толығырақ біздің әлеуметтік желіден
Музыка пәнінен ашық сабақ
24
январь
2024
Музыка пәнінен ашық сабақ
🎼“Өнер асыл қазына” атты эстетикалық пәндер кафедрасының он күндігі бойынша музыка пәнінен “Музыка және поэзия” тақырыбында ашық сабақ өткізілді! 📌Мақсаты: туған өлкенің жыршы-термеші, әнші және сазгерлерінің шығармашылығы туралы тыңдаған музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі мен жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлері мен байланысын анықтайды. 🧑🏻‍💻Пән мұғалімі: Әділжан Икрамжанұлы