Последние публикации на сайте » Страница 36 » КГУ « Школа-гимназия №162 им.С.Байжанова » Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналар жиналысы
29
март
2024
Ата-аналар жиналысы
Бүгін мектебімізде  мектеп басшысының ата-аналарға есеп беру кездесуі  ұйымдастырылды . Мақсаты: Ата-аналарға мемлекет басшысының саясатын іске асыру барысында атқарылған жұмыстар мен білім алушылардың, ұстаздардың оқу-тәрбие үдерісінде жеткен жетістіктері бойынша ақпарат беру.
Тазару күні
23
март
2024
Тазару күні
«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.  Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны. 
Жыл басы - 22 наурыз мерекесі
22
март
2024
Жыл басы - 22 наурыз мерекесі
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал мектебімізге толағай жетістер, өрлеу, шаттық, ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
“Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі
20
март
2024
“Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен “Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі өтті. Мектебіміздің домбыра оркестрінің оқушылары челленджге қатысып, Құрманғазы Сағырбайұлының “Серпін” күйін орындады.
Ұлттық спорт күні
20
март
2024
Ұлттық спорт күні
20 наурыз - Ұлттық спорт күніне орай іс-шара өткізілді. Мақсаты: ұлттық ойындар арқылы оқушыларға мәдени-патриоттық тәрбие беру. Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының шығу тарихы мен ойнау ережелері туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.
Жаңару күні
19
март
2024
Жаңару күні
Наурызнама концепциясына сәйкес мектеп-гимназия фойесінде "Жаңару" тақырыбында өткен кітап көрмесі туралы ақпарат ұсынылды.