Назар аударамыз!
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясында домбыра үйірмесі ашылды. Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр.Үйірменің балаларға берері көп. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұматтар беріліп, домбыра аспабының құрылысы түсіндіріледі. Домбыраны қалай ұстау, домбыра тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Домбыраның құлақ күйін келтіру, домбыра қағыстарын үйренуге назар аударылады. Аспаптың тарту техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке