"Жазғы мектептің" ашылуы
Түрксіб ауданы №162 мектеп-гимназиясында жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жұмысын жалғастырады. Негізгі мақсат - пандемия салдарынан білім саласында туындаған олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру болып табылады.