Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Еліміз егемендікке ие болып, Қазақстан өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп, бүкіл әлемге жер жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын шаққа жетті. Еліміздің елдігін танытты, оны жетілдіріп, дамытатын жас ұрпақ. Сондықтан да, егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім, дұрыс тәрбие алуы – ең басты мәселе.